Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.12.27 № 241 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын және базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құнының мөлшері туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 16/101-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-69 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 28 ақпандағы «Арыс ақиқаты» газетінің 9-шы нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы";
шешімнің кіріспесіндегі "басқару" деген сөзі "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1 тармағындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармағындағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің 1 және 2 - қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы,
хатшы міндетін
уақытша атқарушы Т.Әлжігіт
Арыс қалалық мәслихатының
2011 жылғы 21 қазандағы
№ 48/306-IV шешіміне 1-қосымша
Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 16/101-IV шешіміне 1-қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құнының мөлшері
№ |
Қызмет түрлерінің тізбесі |
Бір жолғы талонның құны (теңге) |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
|
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
400 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
150 |
Арыс қалалық мәслихатының
2011 жылғы 21 қазандағы
№ 48/306-IV шешіміне 2-қосымша
Арыс қалалық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 16/101-IV шешіміне 2-қосымша
Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондардың құнының мөлшері
№ |
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері |
Бір жолғы талонның құны (теңге) |
1. |
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтер |
|
1 |
Ұн, нан және нан тағамдары, кондитерлік тауарлар |
150 |
2 |
Еттер |
150 |
3 |
Сүт, айран, қымыз, қаймақ, құрт, қымыран |
90 |
4 |
Көкөніс, жеміс-жидектер, азық-түлік тауарлары, заттар, майлар, сусындар (1 шаршы метр) |
150 |
5 |
Құрғатылған жемістер |
150 |
6 |
Қыстық, жаздық және басқадай мезгілдік сыртқы, ішкі киімдер, өндірістік трикотаж заттары, маталар, бас киімдер, аяқ киімдер, кілемдер, төсеніштер, жамылғылар, бағалы металдан жасалған заттар (2 шаршы метр) |
200 |
7 |
Теле-радио, аудио-видео аппараттар, оның бөлшектері, музыкалық аспаптар, аппараттар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, мәдениет тауарлары |
150 |
8 |
Кеңсе тауарлары, парфюмерия, косметика тауарлары, шұлықтар, носкилер, бижутерия, гирляндалар, ойыншықтар, сағаттар, шаруашылық-тұрмыстық заттары, тауарлары, электр тауарлары |
120 |
9 |
Жеңіл көліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар, арбалар (1 кіріп шыққаны) |
150 |
10 |
Мото-вело тауарлары, олардың қосалқы бөлшектері, автобөлшектер, балалардың коляскалары, сырғанақтар |
100 |
11 |
Құрылыс материалдары, заттар |
150 |
12 |
Ірі қара малдар, жылқылар, түйелер |
150 |
13 |
Қойлар, ешкілер, есектер |
100 |
14 |
Құстар мен аңдар, иттер |
90 |
15 |
Жемдер (2 шаршы метр) |
200 |
16 |
Гүлдер |
150 |
17 |
Аяқ киім жөндеу және басқа да шұғыл тұрмыстық қызметтер көрсету |
100 |
18 |
Ұсақ-түйек заттары, тауарлары |
100 |