Қала әкімдігінің 2006 жылғы 13 ақпандағы N 82 "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 170 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 маусымда N 14-3-74 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 қазандағы N 331 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы   әкімдігінің 2011.10.31 N 331 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 13 ақпандағы  N 82 "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 28 ақпанында N 14-3-22 санымен тіркелген, "Кентау шұғыласы" газетінде 2006 жылғы 11 наурызда жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасындағы:
      7 тармағы төмендегі редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанда өтініш береді".
      8 тармағы төмендегі редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және екі жақты "Уәкілетті орган – Жұмыс беруші" келісім шартқа тұрады".
      11, 12 тармақтары алынып тасталсын.
      17 тармақтағы: "төлеуді үш жақты келісімнің" деген сөздер "келісім шарттың" деген сөздермен алмастырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

      Қала әкімі                                 К. Табылдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады