Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және тиісті көшелердің халқының пікірін ескере отырып Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кентау қаласының Сауран көшесі Ілияс Қожабаевтың атымен аталсын.
2. Кентау қаласының Колхозная көшесі Сауран Батыр атымен аталсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Е. Балтай
Қала әкімі К. Табылдиев
Қалалық мәслихат хатшысы Е. Аширов