Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.01.2015 № 34/182 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары осы шешімнің 1 қосымшасына сай бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: О. Мыңғышев
Мәслихат хатшысы: Т. Дүйсенбеков
Аудандық мәслихаттың 2009
жылғы 17 ақпандағы N 16/94
шешімімен бекітілген 1 қосымша
Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші
кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары
Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010.06.03 N 33/186 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Бірыңғай тіркелген салықтың базалық ставкалары (АЕК) |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
10 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4. |
Бильярд үстелі |
10 |