Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы "Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы" N 16/94 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 маусымдағы № 33/186 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 01 шілдеде № 14-5-97 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 34/182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.01.2015 № 34/182 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабының 12 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-73 тіркелген, 3 сәуір 2009 жылғы "Шаян" газетінде жарияланған) № 16/94 шешімнің қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Б.Қалаубай

      Мәслихат хатшысы:                          С.Спабеков

Бәйдібек аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 3 маусымдағы № 33/186
шешіміне қосымша

Бәйдібек аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 17 ақпандағы № 16/94
шешіміне қосымша

      Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары 

Салық салу объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген салықтың базалық ставкалары (АЕК)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады