Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 28.01.2015 № 34/182 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы «Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-73 тіркелген, 3 сәуір 2009 жылғы «Шаян» газетінде жарияланған) № 16/94 шешімінің қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Қ.Назаров
Мәслихат хатшысының міндетін
уақытша атқарушы: С.Спабеков
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 26/140
шешімімен бекітілген
Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері /АЕК/ |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
10 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
15 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
5 |
4. |
Ойын жолы |
83 |
5. |
Карт |
12 |
6. |
Бильярд столы |
15 |