Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 205 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда N 14-6-76 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы N 205 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.10.18 N 205 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы (әрі қарай-Қағида) бекітілсін.
      2. Осы қаулының 1 тармағында көрсетілген Қағидаға сәйкес жұмыс жүргізу "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
      3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасын бекіту туралы" N 123 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-6-23 болып тіркелген, 2006 жылы 2 маусымда аудандық "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі:                               Н.Әжіметов      

      Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
      27 сәуірдегі N 205
      қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
      ҚАҒИДАСЫ

      1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарын құру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағида пайдаланатын ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру-халықты еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
      3) нысаналы топтар-жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен бекітілген адамдар топтары;
      4) жұмыс беруші-қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкілетті орган-жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі.
      3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы қағида қолданылмайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек және басқа да қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009.12.29 N 620 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

      5. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланбайды.
      6. Әлеуметтік орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қосымша өткізеді:
      1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
      2) кәсіпорынның, мекеменің мемелекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      3) алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009.12.29 N 620 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
       7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді тіркеп, тізімін жасауды ауданның уәкілетті органы төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
      1) қаржы ауқаттылығы;
      2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және олармен үш жақты "Уәкілетті орган-жұмыс беруші-қызметкер" шартын жасасады.
      Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасын сақталады.
      9. Шартта жұмыс уақыты режиміне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, шартқа өзгерістер мен бұзу тәртібі және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәліметтер қамтылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009.12.29 N 620 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі бір жылға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыруды қарастыру мүмкін.

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу.

      11. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді үш жақты жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      12. Жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыс беруші үш күн мерзімінде уәкілетті органға береді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген және нысаналы топқа жатқызылған күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу

      14. Қызметкерлердің еңбекақысы бюджет қаражатынан және жұмыс беруші қаражатынан келісім бойынша жүзеге асырылады.
      15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар жергiлiктi бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттiң нысаналы трансферттерi есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      16. Көрсетілген санаттағы қызметкерлердің бюджет қаражаты есебінен берілетін еңбекақысы үш жақты келісімінің негізінде екінші деңгейіндегі қызметкерлердің жеке есебіне аудару арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Қызметкер, банк қызметкерлерінің филиалында ашқан жеке есебі туралы уәкілетті органға мәлімет береді.
      Уәкілетті орган қаражатты аударады, жұмыс беруші берген қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесі және жұмыс уақытына есеп жүргізу табелінің негізінде жүзеге асырады.
      17. Мерзімінен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақыларына салынатын салық және әлеуметтік аударымдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      19. Қызметкердің еңбекке уақытша жұмыссыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттануы немесе денсаулығына басқалай зиян келтіруіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

5. Есеп берушілік

      20. Нысаналы топтардағы жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа орналастырғаны және жұмыстан босатқаны туралы /бұйрықтың көшірмесін қоса береді/ үш күн мерзім ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009.12.29 N 620 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      21. Жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтылуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына әр тоқсан сайын ақпарат береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады