Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.10.18 N 205 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-76 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымында "Қазығұрт тынысы" газетінің № 40 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек және басқа да қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі;
6-тармақтың 3-тармақшасы алынып тасталсын;
9-тармақта "қамтылуға тиіс" деген сөздер "қамтылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақта "міндетті" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т.С.Алиев