Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.10.18 N 205 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын iске асыру шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерiн және республикалық ұйымдарға бөлiнетiн қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-6-76 болып тіркелген, 2009 жылғы 05 маусымдағы «Қазығұрт тынысы» газетінің № 40 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасындағы":
15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар жергiлiктi бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттiң нысаналы трансферттерi есебiнен жүзеге асырылады."
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т.С.Алиев