Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 263 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда N 14-6-77 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 ақпандағы N 89 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.02.09 N 89 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан – жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан – жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" N 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіптік лицей, колледж және жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмыссыз жүрген Бітірушілерге (бұдан әрі – Бітірушілер), аудандағы кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) жастар тағылымдамасы ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. Бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру төмендегі шарттармен жүзеге асырылсын:
      1) оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналаса алмаған Бітірушілер ауданның жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органында (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда;
      2) Бітірушінің мамандығы бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі болмауы.
      3. Уәкілетті орган:
      1) өндірісті кеңейтуге, одан әрі дамытуына жағдайы бар және Бітірушілердің жастар тағылымдамасынан өтуіне жұмыс орындарына мүмкіндік беретін Жұмыс беруші жөнінде ақпарат жинақтайды;
      2) жұмыссыз Бітірушілердің арасында Жұмыс берушінің кадрлық сұранысы негізінде жастар тағылымдамасына қатысушыларды іріктейді;
      3) жастар тағылымдамасына қатысуға ниет білдірген жұмыссыз Бітірушілерге жолдама береді;
      4) жастар тағылымдамасы аясында Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын өткізуге ықылас білдірген Жұмыс берушімен келісім шартқа тұрады.
      Келісім шарт Жұмыс берушімен Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерін қарастырады, жұмысқа қабылданатын жұмыссыз Бітірушілердің санын, кәсіп тізбесін (мамандықтарын), соған сәйкес Жұмыс беруші жастар тағылымдамасын ұйымдастыру үшін орын ұсынады, оның өтуіне қажетті жағдай жасайды.
      Келісім шарт кемінде алты айға жасалады.
      4. Жұмыс беруші:
      1) Уәкілетті органның жолдамасымен жастар тағылымдамасынан өтуге жолданған Бітірушімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын түзеді;
      2) әрбір жұмыс орындары бойынша жастар тағылымдамасы шегінде еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттарды рәсімдеу арқылы еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздің бойынша міндетті нұсқама өткізеді;
      3) жастар тағылымдамасынан өткені жөнінде акт және жұмыс уақытының есеп табелін жүргізеді, әр айдың 25-не Уәкілетті органға мәліметті ұсынады;
      4) жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні, жастар тағылымдамасының мерзімі аяқталмай өз бастамасымен тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы;
      5) Уәкілетті органды жастар тағылымдамасында жүрген Бітірушінің еңбек шартының мерзімі аяқталғаны немесе тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде хабардар етеді;
      6) еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға жастар тағылымдамасынан өткендігі жөнінде пікір (ұсыныс хат) ұсынады.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Уәкілетті орган Жұмыс берушімен еңбек шартын бұзуға құқылы.
      6. Жастар тағылымдамасын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тағылымдамасын өткізуге іс-шараларын ұлғайту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
      7. алынып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 226 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі:                               Н. Әжіметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады