Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 09.02.2011 N 89 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын iске асыру шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерiн және республикалық ұйымдарға бөлiнетiн қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 263 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-6-77 болып тіркелген, 2009 жылғы 05 маусымдағы «Қазығұрт тынысы» газетінің № 40 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 7-тармағы алынып тасталсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т.С.Алиев