Ескерту. Күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 15-90-V шешімімен).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 19-131-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-74 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 27 наурыздағы «Мақтаарал» газетінде ресми жарияланған) 1-тармағындағы «автотұраққа», деген сөзден кейін «паркингке,» деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: А. Шнетов
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж. Әбдәзімов