Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2009 жылғы 1 сәуірдегі жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шытты ауылындағы Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм бағытындағы жолдың батысындағы аты жоқ көше Нәлібек Имаханбетұлы Нұрқұлов көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі А. Бейсенбиев