2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 76 каулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 ақпанда N 14-10-108 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 498 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.02.18 N 498 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Серікбаев) 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың жалақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмаған мөлшерде белгіленсін.
      4. Сайрам аудандық қаржы бөлімі (М. Пернебеков) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың жалақысын төлеуге қарастырылған қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Мырзалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Әлі

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
29 қаңтардағы N 76
қаулысымен бекітілген 

2009 жылға қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз
      ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
      жұмыстардың түрлері мен көлемі 

N р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Көлемі (адам)

1

Ауыл округі әкімінің аппараттары

Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау

17

2

Ауыл округі әкімінің аппараттары

Жолдар құрылысы және оларды жөндеу

40

3

Ауыл округі әкімінің аппараттары, мемлекеттік орман шаруашылықтары

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау

120

4

Ауыл округі әкімінің аппараттары, білім беру және мәдениет мекемелері

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

25

5

Ауыл округі әкімінің аппараттары, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету саласындағы мекемелер

Аймақты экологиялық сауықтыру елді мекендерді көріктендіру

115

6

Ішкі істер
басқармасы

Тәртіп

17

7

Аудан әкімінің аппараты, Ауыл округі әкімінің аппараттары,
Аудандық қаржы бөлімі,
Аудандық жер қатынастары бөлімі,
"Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМК-ның Сайрам филиалы,
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім,
Халыққа қызмет көрсету орталығы,
Аудандық статистика бөлімі,
Аудандық Төтенше жағдай басқармасы,
"Болашақ" балалар сауықтыру лагері

Басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

206


Барлығы:


540

      Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады