Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 17 ақпандағы N 16-180/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 14-10-111 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-267/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 40-267/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Сайрам ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 27-269/ІІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-32 тіркелген, 2008 жылғы 16 мамырда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімінің 2009 жылдың 1 қаңтарынан күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М.Оспанбеков      

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Төлендиев

Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 17 желтоқсандағы
N 16-180/ІV шешіміне қосымша

N

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады