Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 13.03.2012 № 3-24-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудан аумағында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бірлік салық салу объектісіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Е. Исахов
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Каипов
Сарыағаш аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 сәуірдегі N 23-9-153
шешіміне қосымша
Аудан аумағында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бірлік салық салу объектісіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
N |
Салық салу объектісінің атауы |
1 айға 1 объектіге бірыңғай тіркелген салықтың ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
4 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
18 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
4 |