Сарыағаш қаласындағы кейбір көшелердің атын өзгерту және аты жоқ көшеге ат қою туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы N 24-15-168 шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 577 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 шілдеде N 14-11-107 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бап 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 631 баптарына және Сарыағаш қаласындағы Ташкентская, Горная, СТО "ВАЗ" маңындағы аты жоқ көше тұрғындарының пікірлерін ескере отырып Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сарыағаш қаласындағы Ташкентская көшесінің атауы өзгертіліп, Нұрлан Ысқақов есімімен аталсын.
      2. Сарыағаш қаласындағы Горная көшесінің атауы өзгертіліп, Малдыбек ата есімімен аталсын.
      3. Сарыағаш қаласындағы СТО "ВАЗ" маңындағы аты жоқ көшеге Батыр Мекенбаевтың есімі берілсін.
      4. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми  жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Е. Исахов
      Аудан әкімі:                               Ұ. Сәдібеков
      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Б. Каипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады