1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы N 381 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 14-12-81 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 247 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.06.14 № 247 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.
      2. Ауыл, поселке әкімдері 2009 жылдың 1 желтоқсанына дейін шақыру учаскесіне тіркеуге тиісті жасөспірім азаматтардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсырсын.
      3. Аудан көлемінде 1993 жылы туылған жасөспірім азаматтарды тіркеуге алу жөнінде комиссия құрылсын. (қосымша)
      4. Созақ аудандық емханасының бастығы (И.Қайыпов келісімі бойынша) жасөспірім азаматтарды тіркеу кезінде дәрігерлік куәландырудан сапалы өтуіне бақылау және дәрігерлік сараптауды ұйымдастыру, анықталған науқастардың емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Б.Жұмәділ) оқу орындарында оқитын жасөспірімдерді тіркеуден өткізуді ұйымдастыруды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ықпалды көмек көрсетсін.
      6. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы (Б.Батыртегі) жасөспірімдерді тіркеуге алу барысында жастардың дене шынықтыру даярлығының деңгейін тексеруді ұйымдастырсын.
      7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Ш.Мырзахметов келісімі бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1993 жылы туылған жасөспірімдер жайында мәлімет беруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Р.Махалиев келісімі бойынша) аудандық тіркеуге алу нәтижелері туралы хабарламаны аудан әкімдігіне 2010 жылдың мамыр айына дейін беру ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Мейірбековке жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Әбдіқұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Созақ аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімнің бастығы                 Р.Р.Махалиев
      «16» қараша 2009 ж.

      Созақ аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Ш.Ш.Мырзахметов
      «16» қараша 2009 ж.

      Созақ аудандық емханасының бастығы         И.Қ.Қайыпов
      «16» қараша 2009 ж.

Созақ ауданы әкімдігінің 17 қарашадағы
2009 жылғы № 381 қаулысына қосымша

      1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу жөніндегі комиссия құрамы 

Махалиев Рәтбек Рзалыұлы

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)

Ошакапов Шекербек Шералыұлы

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Құрманбеков Нұрлан Мейрамбекұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)

Дөнтаев Ахан Жапайұлы

аудандық орталық емханасының терапевті, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)

Мауленова Қалдыкүл Оспанқызы

аудандық орталық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады