Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2012.09.28 № 9/47-V Шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 383 бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 34/237-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Т. Әмірәлиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә. Шыңғысбаев