Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/94-IV "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп орындары жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 34/237-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 қаңтарда N 14-13-86 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 9/47-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби  аудандық мәслихатының 2012.09.28 № 9/47-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына және Төлеби аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 мамырдағы «Төлеби ауданы мен Ленгір қаласындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешіміне сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп орындары жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/94-ІV (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-53 нөмірмен тіркелген, 2009 жылы 21 наурызда «Төлеби туы» газетінің № 14 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 383 бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
      2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     А.Исабеков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Шыңғысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады