Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011.02.07 N 66 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан - жаңару мен дамуға" атты Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы" N 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2009 жылғы 11 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" N 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітіріп жұмыссыз жүрген Бітірушілерге (бұдан әрі – Бітірушілер), аудандағы кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) жастар тағылымдамасы ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру төмендегі шарттармен жүзеге асырылсын:
1) оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналаса алмаған Бітірушілер жұмыссыз ретінде ауданның жұмыспен қамту уәкілетті органға Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда;
2) Бітірушінің мамандығы бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі болмауы.
3. Уәкілетті орган:
1) өндірісті кеңейтуге, бұдан әрі дамытуына жағдайы бар және Бітірушілердің жастар тағылымдамасының өтуіне жұмыс орындарына мүмкіндік беретін Жұмыс беруші жөнінде ақпарат жинақтауды;
2) жұмыссыз Бітірушілердің арасында жұмыс берушінің кадрлық сұранысы негізінде жастар тағылымдамасына қатысушыларды іріктейді;
3) жастар тағылымдамасына қатысуға жұмыссыз Бітірушілерге тіркелген реттік санымен кезегімен жолдама береді;
4) жастар тағылымдамасына өтуге ықылас білдіріп Бітірушіге жұмыс орнын беруге ниет білдірген Жұмыс берушімен келісім шартқа тұрады. Келісім шарт жұмыс берушімен уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерін қарастырады, жұмысқа қабылданатын жұмыссыз бітірушілерді санын, кәсіп тізбесін (мамандықтарын), соған сәйкес Жұмыс беруші Жастар тағылымдамасын ұйымдастыру үшін орын ұсынады, оның өтуіне қажетті жағдай жасайды.
Келісім шарт кемінде алты айға жасалады.
4. Жұмыс беруші:
1) Уәкілетті органның жолдамасымен жастар тағылымдамасын өтуге жолданған Бітірушілермен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын түзеді;
2) әрбір жұмыс орындары бойынша жастар тағылымдамасы шегінде еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттарды рәсімдеу арқылы еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша міндетті инструктаж өткізеді;
3) жастар тағылымдамасынан өткені жөнінде акт және жұмыс уақытын есеп табелін жүргізеді, әр айдың 25 күні Уәкілетті органға мәліметті ұсынады;
4) жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні, жастар тағылымдамасының мерзімі аяқталмай өз бастамасымен тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы;
5) Уәкілетті органды жастар тағылымдамасында жүрген Бітірушінің еңбек шартының мерзімі аяқталғанын немесе тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде хабардар етеді.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Уәкілетті орган Жұмыс берушімен еңбек шартын бұзуға құқылы.
6. Жастар тағылымдамасын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тағылымдамасын өткізуге іс-шараларын ұлғайту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аудармалар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын» қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2010.06.07 N 401 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Бердешовке жүктелсін.
Аудан әкімі М. Мараим