Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 10.10.2018 № 23/268-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2515, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 201-202 "Дидар", 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен 18 000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде өтеу белгіленсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Анчугин |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Головатюк |