2009 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы N 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 5-1-101 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.04.01 № Ин-6/255 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.04.01 № Ин-6/255 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШТІ:
      1. «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2009 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды тіркеу кезінде Протозанов көшесі, 37 мекенжайы бойынша шақыру учаскесі құрылсын.
      2. Есепке тіркеу бойынша комиссия құрылсын.
      3. Есепке тіркеу бойынша комиссияның дербес құрамы және оның жұмыс тәртiбi Өскемен қаласы әкімдігінің бекітілуіне шығарылсын.
      4. «Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және рентгенологиялық тексеруді өткізуді ұйымдастырсын, медициналық комиссия дәрігерлерінің жолдамалары бойынша шақырылатындарды стационарлық зерттеу және емдеу үшін қажетті төсек орындарын бөлсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының әкімі                  Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады