Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N Ин-5/16 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 «2009 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-98 нөмірімен тіркелген) шешімін ескере отыра, Өскемен қаласының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов
Өскемен қаласы әкімдігінің
13 ақпандағы 2009 жылғы
№ 3637 қаулысымен
бекітілген
2009 жылға дербес зейнеткерлерге
коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына
материалдық көмек көрсету жөніндегі
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 2009 жылы дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды, дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында әзірленді және оны беру тәртібі мен шартын регламенттейді.
2. Материалдық көмек Қазақстан Республикасы және облыс алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге беріледі.
2. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі
3. Материалдық көмек «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) ай сайын 2000 теңге мөлшерінде беріледі және өтініш иесі келесі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басын растайтын құжат;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
4) тіркелімін растайтын құжат;
5) дербес зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
4. Материалдық көмек өтінішті сипатқа ие және қажетті құжаттармен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
5. Бөлім әр айдың 15-іне дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Өскемен қалалық бөлімшесінен дербес зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.
3. Материалдық көмек төлеу тәртібі
6. Бөлім ай сайын ағымдағы айдың 30-ына дейін материалдық көмекті төлеуді жүргізеді.
7. Материалдық көмек 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
8. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы А. Бақтиярова