2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 "Қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлық жүйелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 3633 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 наурызда N 5-1-106 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы N 1609 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.06.28 N 1609 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының  31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 «Қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлық жүйелері туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2043 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 11 желтоқсандағы № 126 «Дидар», 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 188  «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған), 2005 жылғы 8 маусымдағы № 03 «Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 «Қалалық жолаушылар көлігінің маршруттық жүйесі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу № 2043)» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2386 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 2 шілдедегі № 64-65 «Дидар», 2005 жылғы 30 маусымдағы № 98 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына енгізілген өзгерістермен мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Автобустар және шағын автобустар қалалық бағдарларының қозғалыс сызбалары сипаттамасының «Автобус бағдарлары» 1 бөлімі келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

17

Комсомол көшесі мен Карл Маркс қиылысы – «Ивушка» дүкені

Комсомол, Өтепов көшелері, Қаныш Сәтпаев даңғылы, Қазақстан, Максим Горький көшелері, Әуезов, Абай даңғылдары, Михаэлис, Космическая, Потанин, Серікбаев, Виноградов көшелері. Кері бағытта – Виноградов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Космическая, Михаэлис көшелері, Абай, Әуезов, Жеңіс даңғылдары, Қазақстан көшесі, Қаныш Сәтпаев даңғылы, Өтепов көшесі, Комсомол көшесі мен Карл Маркс көшесінің қиылысы


      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының әкімі                    Т. Касымжанов

      «Шығыс Қазақстан облысының
      жолаушылар көлігі және
      автомобиль жолдары басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Е. Байбатчин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады