РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Біржолғы талондардың құны туралы" 2008 жылғы 12 тамыздағы № 9/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-90 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 28 тамыздағы № 115 "Дидар", 2008 жылғы 23 тамыздағы № 124 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің 2 қосымшасындағы 3 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Мамырбаева |
Қалалық мәслихат хатшысы | Е. Нәбиев |