2009 жылы Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпанда N 5-3-66 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің 2009.06.08 N 2 шешімімен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына сәйкес Курчатов қаласының әкімі ШЕШЕДІ:
      1. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2009 жылдың қаңтар–наурызында өткізілсін.
      2. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу жөніндегі комиссияның құрамы мен жұмыс кестесі құрылсын және бекітілсін (12-қосымшалар).
      3. Қаланың қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына ұсынылсын (Балтеков Қ. С., келісім бойынша):
      1) тіркеу өткізуге шақыру пунктін дайындау;
      2) тіркеуді өткізуге сапалы түрде дайындалу және оны өткізу бойынша барлық қажетті құжаттамаларды әзірлеу;
      3) тіркеуді сапалы түрде және уақтылы өткізуді қамтамасыз ету;
      4) шақыруға дейінгі аурулардың емделуіне және сауығуына бақылауды күшейту.
      4. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне ұсынылсын (Сұлтанов А. Д., келісім бойынша):
      1) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландырудан өткізу үшін қажет мөлшерде тәжірибелі дәрігер мамандарды және орта медицина персоналын бөлу;
      2) қаланың емдеу мекемелерінде комиссиямен амбулаторлық емдеуге немесе стационарлық тексеруге жіберілген тұлғалардың кезектен тыс қабылдану тәртібін белгілеу;
      3) шақыруға дейінгілердің кеуде мүшелерін флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерінің талдауларын уақтылы қабылдануын ұйымдастыру;
      4)  шақыруға дейінгілерді тексеруді және емдеуді қамтамасыз ету.
      5. Медицина комиссиясының төрайымына ұсынылсын (Сейтқалиева М. Т., келісім бойынша):
      1) тіркеуге жататын әрбір жасөспірімге арналған амбулаторлық аурудың медициналық картасын, оның қосымшасымен бірге (025-1у және 63 нысандары) әзірлеу;
      2) шақырылатын жасөспірімдерді барлық дәрігер мамандардың медициналық куәландыруын ұйымдастыру;
      3) тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабының дұрыс толтырылуына, диагнозының негізділігіне баса назар аудара отырып, күнделікті бақылау жүргізу;
      4) шақыруға дейінгі жасөспірімдерді қосымша тексеруге және емдеуге уақтылы жіберілгендігін тексеру;
      5) жасөспірімдерді медициналық тұрғыдан куәландыру жұмысын талдау.
      6. Меншік нысанына қарамастан қала ұйымдарының, кәсіпорындарының және оқу орындарының басшылары:
      1) тізімдерді нақтыласын, Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді есепке алсын және тіркеуден өту үшін шақыруға дейінгі жасөспірімдерге қажетті уақыт берсін;
      2) тізімде енгізілген барлық жасөспірімдерді жауапты тұлғалардың басшылығымен ұйымдасқан түрде медициналық куәландыруға ұсынсын;
      3) әрбір жасөспірімге жұмыс (оқу) орнынан анықтама, мінездеме және басқа қажетті құжаттар белгіленген мерзімде берілсін.
      7. Тіркеуді өткізуге байланысты барлық шығындар жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізілсін, ол үшін қаржы бөлімі бекітілген шығындар сметасы аясында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қажетті қаражаттар бөлсін.
      8. Қаланың полиция бөлімінің бастығына (Айтқазин Қ. Ж., келісім бойынша) медицина комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің қадағалануын қамтамасыз ету, бөлім бастығының хабарлауы бойынша шақыру теліміне тіркелуден бас тартқан азаматтарды іздестіруде және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.
      9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Балтеков Қ. С., келісім бойынша) білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын  Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери техникалық мектептеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына оқуға жіберу үшін іріктеу өткізу ұсынылсын.
      10. Курчатов қаласы әкімінің «2008 жылы Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2008 жылдың 22 қаңтарында 5-3-52 нөмірмен тіркелген, «Дидар» газетінде 2008 жылдың 31 қаңтардағы 13 нөмірінде, «Рудный Алтай» газетінде 2008 жылдың 02 ақпандағы 16-17 нөмірлерінде жарияланған).
      11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      12. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      
      Курчатов қаласының әкімі                            Р. МУСИН

      Курчатов қаласы әкімінің
      2009 жылғы 9 ақпандағы
      № 13 шешіміне 1-қосымша

2009 жылы Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді өткізу жөніндегі комиссияның құрамы 

Комиссия төрағасы:

Балтеков Қанихан Сайлауұлы - Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша)

Төраға орынбасары:

Старенкова Елена Васильевна – Курчатов қаласы әкімінің орынбасары

Комиссия мүшелері:

Толежанов Жандырбек Есімханұлы – Курчатов қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)


Сейітқалиева Мейрамгүл Темірханқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Комиссия хатшысы:

Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы - Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын медбикесі (келісім бойынша)


       Курчатов қаласы әкімінің
      2009 жылғы 9 ақпандағы
      № 13 шешіміне 2-қосымша

 Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді өткізу жөніндегі комиссияның жұмыс кестесі


п/п

Жасөспірімдер санаты

Жасөспірімдер саны

Күндер бойынша жасөспірімдер саны

03.02.2009ж.

04.02.2009ж.

1.

№ 3 орта мектеп

25

-

25

2.

Мектеп-гимназия

25

25

-

3.

Кәсіптік мектеп

10

-

10

4.

Жұмыс істейтіндер

18

18

-

5.

Барлығы

78 43 35

 
      Ескерту:
      1. Жасөспірімдер қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жауапты тұлғалар басшылығымен сағат 8.00-ге дейін жеткізілсін.
      2. Тіркеу комиссиясының жұмысы сағат 8.30–дан басталады.
      3. Комиссияның кезекті отырысы ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін апта сайын сәрсенбі күндері өткізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады