"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-ІV "Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-ІV шешімге өзгертулер енгізу туралы", (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 8 мамырдағы № 5-3-73 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы № 70-71 "Дидар", 2009 жылғы 18 мамырдағы № 74 "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
1) Шешімнің атауы мемлекеттік тілде мынадай мазмұнда баяндалсын: "Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы"
2) аталған шешімнің 1 тармағының 1, 2 азат жолы мемлекеттік тілде мынадай мазмұнда баяндалсын:
"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-ІV шешімге мынадай өзгертулер енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасына "Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы":"
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. СҰЛТАНОВ |
Курчатов қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |