"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 18/138-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда N 5-3-73 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі N 27/212-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2010.07.22 N 27/212-IV шешімімен (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.07.23 N 20/149-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
     
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй - коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге мынадай өзгертулер енгізілсін:
      Аталған шешімнің қосымшасына «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы»:
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.07.23 N 20/149-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      2 бөлімде. Тұрғын үй көмегін ұсыну жағдайы:
      12 тармақта:
      «Қайта аттестаттау» сөзі «Құжаттарды қайта ресімдеу» сөздерімен ауыстырылсын;
      19 тармақта, барлық тармақ бойынша:
      «келесі жылдық қайта аттестаттау» сөздері «келесі жылдық құжаттарды қайта ресімдеу» сөздеріне ауыстырылсын;
      24 тармақта, барлық тармақ бойынша:
      «қайта аттестаттау» сөзі «құжаттарды қайта ресімдеу» сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы, Курчатов
      қалалық мәслихатының хатшысы                  Ш. ТӨЛЕУТАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады