Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2010.07.22 N 27/212-IV шешімімен (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-61 нөмірімен 2008 жылдың 23 қазанында тіркелген, «Дидар» газетінің 2008 жылғы 6 қарашасындағы № 149-150, «Рудный Алтай» газетінің 2008 жылғы 1 қарашасындағы № 160-161 сандарында жарияланған), «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-73 нөмірімен 2009 жылдың 8 мамырында тіркелген, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 16 мамырдағы № 70-71, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 74 сандарында жарияланған), «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 шілдедегі № 20/149-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-80 нөмірімен 2009 жылдың 4 тамызында тіркелген, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 7 тамызындағы № 127-128, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 133-134 сандарында жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы»:
барлық мәтін бойынша «қайта аттестациялау» сөздері «құжаттарды қайта рәсімдеу» сөздеріне ауыстырылсын;
11 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. БАЙЗАҚОВА
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы Ш. ТӨЛЕУТАЕВ