Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2010.07.22 N 27/212-IV шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй- коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. 2005 жылғы 15 наурыздағы № 14/70-ІІІ «Курчатов қаласында тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелері туралы», (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 26 сәуірде 2313 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 21 мамырдағы № 49-50 «Дидар», 2005 жылғы 19 мамырдағы № 74 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған) және 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 4/36–ІV «Курчатов қаласында тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелері туралы» 2005 жылғы 15 наурыздағы № 14/70-ІІІ шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 27 желтоқсанда 5-3-49 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Дидар», 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 3-4 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы А. БАЙЖАНОВА
Курчатов қалалық мәслихаты
хатшысының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы А. СҰЛТАНОВ
Курчатов қалалық мәслихатының
кезектен тыс 12 сессиясының
2008 жылғы 16 қазандағы
№ 12/95-IV шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға
тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және
тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін
ұсыну Қағидалары
Ескерту. Мәтін бойынша "қайта аттестациялау" сөздері "құжаттарды қайта рәсімдеу" сөздеріне ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.10.27 N 21/168-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметін тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі (әрі қарай - тұрмыстық көмек).
2. Жергілікті жылуы бар жеке жер үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға(азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады.
3. Тұрғын үй көмегі сол тұрақты жерде тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдаушы адам, осы пункттің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығындар үлесінен артқанда тағайындалады. Отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін берілетін шектіжол шығын үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 8% мөлшерінде белгілінеді.
6. Қабылданған әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге арналған үйді ұстау шығындарының мөлшері,коммуналдық қызметтерді пайдалану(сумен қамтамасыз ету, кәріз жүргізу,электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару,тұрғын үйді жалдау, телефон тарифінің жоғарылауы,үй ішілік қызмет көрсету, пайдалану қызметтері) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
7. Барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тұрғын үй көмегін есептеу тарифтерін қызмет көрсетушілер тағайындайды.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайын жалға(жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
9. 50 жасқа жеткен (жынысына қарамастан), І,ІІ топтағы мүгедектерді күтетіндер, мүгедек – балаларды күтетіндер,80 жастан асқан тұлғалармен немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын, 18 жасқа дейін төрт немесе одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын, 12 аптадан кем емес мерзімде жүкті әйелдер, туберкулез, наркологиялық, онкологиялық аурумен есепте тұрған азаматтары болмаса, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген, мүгедектік тобы жоқ адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Жедел әскер қызметшілері отбасының құрамына есептелмейді.
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа,оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
11. алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.10.27 N 21/168-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға құжаттарды қайта ресімдеу жүргізіледі. Өткен өтініш білдірген тоқсанға отбасының табыстары туралы анықтамалар және коммуналдық қызмет ақыларының тоқсанға төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/138-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
13. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолдануға арналған нормативтер мен тарифтер заңнамамен бекітілген тәртіпке сай тағайындалмаған жағдайда, бекітілген коммуналдық қызметті қолдану нормативтерінен көп емес,нақты жұмсалған шығындар бойынша шығындарды қайтару жүргізіледі.Коммуналдық қызметті қолдануға есептеу құралдары бар тұтынушыларға алынған есептер шығындарын, бекітілген коммуналдық қызметті қолдану нормативтерінен көп емес, есеп құралдарының көрсету негізінде өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша анықталады.
14. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса,үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу тұрғын үй көмегін белгілегенге, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
15. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде 2 есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі.
16. Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы шегінде қызмет көрсетушімен берілетін тарифтерде жылу жоғалту төлемі есептелуі қажет.
17. Тұрғын үй көмегі жылу беру мерзімінде ортақталықтан жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге қосылмаған және пәтер автономдық жылу беру құралдары арқылы жүзеге асырылатын пәтер иелеріне тағайындалады.
18. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш білдірушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
3) үміткердің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
19. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындауға үміткер немесе алушы отбасылар соны рәсімдеу үшін өтінішпен берумен қоса мынадай құжаттарды ұсынады: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдық аттестациялауға дейін, немесе қандайда бір өзгерістерде), немесе пәтерді жалдау келісім шарты, азаматтарды тіркеу куәлігі (тоқсанына бір рет), отбасы табысы туралы және басқа да көрсетілген табыстар анықтамасы (өткен тоқсанға), барлық коммуналдық төлемдер түбіртектері (өткен тоқсанға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту орталығынан анықтама (тоқсан сайын), балалардың туу туралы куәлігі, оқушыларға мектептен анықтама (жылына бір рет келесі жылдық құжаттарды қайта ресімдеуге дейін немесе қандай да бір өзгерістерде), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жылына бір рет), Халық банкінен жеке есеп шот (жылына бір рет), зейнеткер куәлігі немесе мүгедектік куәлік (жылына бір рет келесі жылдық құжаттарды қайта ресімдеуге дейін немесе қандай да бір өзгерістерде), жүктілік туралы анықтама, онкологиялық, наркологиялық және туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық немесе стацинонарлық емдеу орындарынан анықтама.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/138-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
20. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына өтініш - шарт жасалады, оған отбасының табысы және коммуналдық төлемдер енгізіледі.Өтініш - шартқа отбасы өкілінің, отбасының атынан шығатын тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолы қойылады.
21. Тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі өкілетті органның шешімі болып табылады (1-қосымша).
22. Сумен қамтамасыз етуді, канал жүргізуді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді, қоқыс шығару, тұрғын үйді жалдауды, телефон тарифтерінің жоғарылауын,үй ішілік қызмет көрсетуге пайдалану қызметіне және шығындар өтініш берген тоқсанының алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
23. Кезекті тоқсан сайынғы құжаттарды қайта рәсімдеуден белгілі себептерге байланысты өтпегендерден (өтініш берушінің ауруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандардың ауруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса) басқаларға тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
24. Тұрғын үй көмегін алушы және тоқсан сайын кестеге сай құжаттарды қайта ресімдеуден өтетін отбасылар тұрғын үй көмегі қызметімен құрастырылған құжаттарды рәсімдеу уақытына қарамастан тоқсанға тұрғын үй көмегін алады. Ағымдағы тоқсанда аттестациядан өтпеген отбасылар кестеге сәйкес тұрғын үй көмегіне өтініш білдірген айынан жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009.04.23 N 18/138-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
25. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй қызметін өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы 10 күн ішінде ескертуі керек.
26. Берілген ақпараттың дұрыстығына күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер, отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің нақты тұрғылықты жерлері туралы қосыша ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген меншік үй иесі(жалдаушы) заңсыз алған сомасын өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда-сот тәртібінде қайтарады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
27. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік үй иесінің (жалдаушының) үйді ұстауға және коммуналдық қызметке нақты төлемдері шегінде, өтемдік шаралар мен қамтамасыз етілетін отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығын деңгейінің айырымасы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П=МСПЖ- (t x д),
П- тұрғын үй көмегінің мөлшері
МСПЖ – тұрғын үйге ең жоғарғы әлеуметтік төлем
t – тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=8%)
д – отбасының жиынтық табыстары
Тұрғын үй көмегін есептеген жағдайда келесі әлеуметтік нормалар колданылсын:
1) аудан нормасы:
Жалғыз басты азаматтарға-35 шаршы метр;
2 адамнан отбасы үшін – 45 шаршы метр;
3 адамнан отбасы үшін – 54 шаршы метр
4 және одан да көп адамнан отбасы үшін – әр қайсына 18 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден көп емес.
2) электроэнегиямен қолдану нормалары:
1 адам тұрған жағдайда-95 кВт;
2 адам тұрған жағдайда(әр қайсына) -85 кВт;
3 және одан да көп адам тұрған жағдайда(әр қайсына)-95 кВт.
Тұрғын жайды ұстауға, сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, кәріз жүргізу, қоқыс шығындары бойынша қолдану және тарифтер нормативтері қызмет берушімен ұсынылады.
4. Тұрғын үй көмегіне үміткер азаматтардың
(отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
28. Тұрғын үй көмегіне үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын, тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының табысын анықтау өкілетті органмен жүзеге асырылады.
29. Отбасының жиынтық табысын анықтаған жағдайда өтініш берілген мерзімдегі отбасы мүшелерінің төмендегі көмектерден басқа барлық табыстары есептеледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) ай сайын он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
3) тұрғын үй көмегі;
4) жерлеуге біржолғы жәрдемақы;
5) бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
6) ақшалай және заттай қайырымдылық көмек;
7) өзінің жеке ісін ашуға және өз шаруашылығын дамытуға материалдық көмек;
8) төтенше жағдайларда адамның денсаулығына және мүлігіне келген зиянның орынын толтыру мақсатымен отбасына көрсетілетін көмектер;
9) берілген отбасында тұрмайтын адамға отбасы мүшесінің біреуімен төленетін алименттер;
10) қамқоршы (қорғаншы) табыстары (қамқордағы балаларға жәрдемақы тағайындалған жағдайда);
11) ақысыз немесе жеңілдікпен протездеуге бару және протездеу мерзімінде азаматтарды күту төлемдері;
12) Қазаақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілген көмек түрлері:
дәрі-дәрмектермен;
санитарлық - курорттық емдеу;
протездік – ортопедиялық жасандар (жасау және жөндеу);
қозғалу құралдары (кресло-коляскалар) және басқа да мүгедектерге бөлінген оңалту құралдары;
ақысыз тамақтандыру және білім туралы заңнамаларға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін көмектер;
13) облыс әкімімен жеке санаттағы азаматтарға коммуналдық шығындарды төлеу үшін бөлінген қаражат;
14) алынған микрокредит сомасы.
15) тұрғындарды көшіру мәселесі бойынша заңнамалық кесімдерге сай оралмандарға қарастырылған қаражат:
тұрғылықты мекен-жайға жетуге және мүліктерін жеткізуге жұмсалған шығынның орынын толтыру (оның ішінде жануарларды);
30. Құжаттармен расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады.Отбасының жиынтық табысы алименттің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз болып тіркелгенде (анықтама ұсынылғанда);
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болғанда (анықтама ұсынылғанда);
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу – еңбек профилакторияларында(ЕЕП) емделгенде немесе болғанда (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
31. отбасы құрамына қолданыстағы заңнамаға сәйкес әділет органдарында тұрғылықты жерлері бойынша тіркелген тұлғаларды есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
32. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін біржолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық жиынның табыс алған айлар санына бөлуден алынып және үш айға көбейтілген табыстын жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақытының табысы есепке алынады.
33. Отбасының бір айлық ортажандық жиынтық табыстары отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
34. Өтініш берушілер ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына Қазақстан Республикасы Заңында берілген тәртіппен жауап береді.
5. Жергілікті жылу беруі бар жеке жер үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға)тұрғын
үй көмегін ұсыну тәртібі
35. Жергілікті жылу беруі бар жеке жер үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің иелеріне, жалдаушыларға – тұрғын - жайды жалдау келісімінің болуына сәйкес ұсынылады.
36. Жергілікті жылу беруі бар жеке жер үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеуге тұрғын жер үйдің жалпы ауданының 1 мІ жұмсалатын көмірдің әлеуметтік шығын нормасы 129,8 кг, бірақ 5000 кг артық емес.
37. Бір тонна көмірдің құнын есептеу үшін алынған көмірдің төленген нақты құны қолданылады.
38. Жергілікті жеке жер үйге жылу беру үшін тұрғын үй көмегін есептеу қолданылатын отынның басқа түрінің құны мен шығынының нормасы көмір құнының эквиваленттік сомасымен есептеледі.
39. Маусымдық көмір сатып алуға байланысты тұрғын үйге көмек жұмсалатын (көмір бағасы) барлық көмір шығынының әлеуметтік нормасы тоқсандағы өтініш білдірген үш айға бір уақытта есептеледі.
40. Тұрғын үй көмегін тағайындаған жағдайда жеке жер үй тұратын отбасының орта табысы өтініш білдірген тоқсанға дейінгі тоқсанға есептеледі.
41. Тұрғын үй көмегін тағайындаған жағдайда отбасы тұрғын үй көмегін алғаннан жыл ағымында көмір алған уақытына қарамастан, алынған көмір саны және бағасы көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынады (болмаған жағдайда, сатып алынған көмір туралы әкіммен белгіленген ауыл, кент әкімдігінен акт).
42. Электрмен қамтамасыз етуді,сумен қамтамасыз етуді, қоқыс шығару, шығындар өтініш берген тоқсанының алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
5.1 «Кондоминиум объектілерін жөндеуді жүргізуге
тұрғын үй көмегін көрсету»
43. Өтініш берілген уақыттан бастап, жылына бір рет ортақ жиналыста 100% көлемінде белгіленген ақшалай төлем түрінде тұрғын үй көмегін алушыларымен кондоминиум объектілеріндегі барлық мүлікті жөндеу сияқты мақсаттарға тұрғын үй көмегі жүргізіледі.Сонымен қатар тұрғын үй көмегін алушыларына төлем күрделі жөндеу жүргізу үшін қарастырылған ортақ шығын сомасының үлес шегінде анықталады.
44. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бақылауда ұстасын:
- пәтерлер иелерінің жиналысындағы шешімге байланысты кодоминиум объектісінің толық мүлігін(фундамент, сыртқы қабырғалар және берілген конструкциялар; төбе жөндеу; сатылар(саты алаңдары, баспалар) және ішкі қабырғалар; инженерлік коммуникациялар және құралдар; басқалар (подъездік есіктер, фрамугтар)күрделі жөндеу бойынша қажетті жұмыстарды орындау тізімі мен кестесін құру;
- кондоминиум объектісінің толық мүлігін жөндеудің күрделі түрін анықтауын өткізу сметаларын дайындау, ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылыс істері бойынша өкілетті органында сараптамадан өтуі қажет.
45. Кондоминиумның ортақ мүлігін жөндеумен қоса, тұрғын үй көмегін алатын отбасылар мен тұлғалардың шығындарын өтеуді Қағидамен қарастырылған құжаттар бойынша және келесі қосымша құжаттарды ұсыну бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жасайды:
- Жөндеу жүргізуге нысаналы жинақ көлемін анықтаушы,пәтер иелерінің ортақ жиналысындағы шешімнен анықтама (көшірмесі);
- Тұрғын-жай иесімен,кондоминиум және жөндеу жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның бақылу өкілі арасында жасалған келісім - шарт (көшірмесі).
Жөндеуге тұрғын үй көмегі төлемнің сомалары алушының екінші деңгейлі банктегі дербес есеп шотына немесе кондоминиум объектісінің жеке банктік шотына есептеу жолымен жүргізіледі.
Нысаналы жинақ сомасын анықтау және қаражатты шығындауға кондоминиум объектісі жауапты болады.
6. Тұрғын үй көмегінің қаржылындыруы мен төлемі
46. Тұрғын үй көмегі қаланың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
47. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша дербес есеп – шоттарына есептелу жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банктер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және тиісті банктер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы М. ӘБДІКӘРІМОВ
Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен
азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық
қызметке ақы төлеу және тұрғын
үйді ұстауға арналған тұрғын үй
көмегін ұсыну қағидаларына
1 қосымша
Тұрғын үй көмегінің тағайындалған(немесе
тағайындалмауы туралы)көлемі туралы
ШЕШІМ (анықтама)
Іс № ___ 200 жылғы «__» _______
1. тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларына сәйкес тағайындалсын
ТЕГІ __________________________________________________
АТЫ ___________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ __________________________________________
Отбасы мүшелерінің саны _______________________________
Туған жылы ________________________________________
Жынысы ______________________________________________
Мекен-жайы (нақты) ____________________________________
Жеке куәлік № _________________________________________
Кіммен берілген _______________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТТН) __________________
Жүгіну уақыты: ________________________________________
Тоқсанда төлемге тұрғын үй көмегінің көлемі: __________
2008 жылғы «__» ___________
2008 жылғы «__» ___________
Соммасы
Халық банкіндегі есеп-шот №
2. ___________________________________________________
_________________, тұрғын үй көмегі тағайындалмасын.
(негізі көрсетілсін)
М.О. ЖҚ ж ӘБҮБ басшысының аты-жөні ____________
(қолы)
ЖҚ ж ӘБҮБ маманының аты-жөні _____________
(қолы)