Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2010.07.22 N 27/212-IV шешімімен (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-61 нөмірімен 2008 жылдың 23 қазанында тіркелген, «Дидар» газетінің 2008 жылғы 6 қарашасындағы № 149-150, «Рудный Алтай» газетінің 2008 жылғы 1 қарашасындағы № 160-161 сандарында жарияланған), «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-73 нөмірімен 2009 жылдың 8 мамырында тіркелген, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 16 мамырдағы № 70-71, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 74 сандарында жарияланған), «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы» 2009 жылғы 23 шілдедегі № 20/149-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-80 нөмірімен 2009 жылдың 4 тамызында тіркелген, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 7 тамызындағы № 127-128, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 133-134 сандарында жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында «Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы»:
барлық мәтін бойынша «қайта аттестациялау» сөздері «құжаттарды қайта рәсімдеу» сөздеріне ауыстырылсын;
11 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. БАЙЗАҚОВА
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы Ш. ТӨЛЕУТАЕВ
"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы N 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы N 21/168-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қарашада N 5-3-83 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі N 27/212-IV шешімімен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз