Тіркелген салық ставкасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 14/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 ақпанда N 5-4-105 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 29/7-IV шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2010.12.29  N 29/7-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының негізінде, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Риддер қаласының аумағында айына төленетін  салық салудың бірлігіне тіркелген салық ставкасының көлемі белгіленсін.
      2. Риддер қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 қарашадағы № 5-4-72 нөмірімен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуінің Тізілімінде тіркелген «Тіркелген қосарланған салық ставкасы туралы» 2007 жылғы 23 қазандағы № 3/13-ІV шешімінің күшін жойылды деп есептелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми жариялаудан кейін он күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қолданысқа енгізіледі.


      Кезекті сессияның төрағасы        Ж. Дюсупов
 

      Қалалық мәслихат хатшысы          А. ЕРМАКОВ

Қалалық мәслихаттың
14-ші сессиясының
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 14/8-ІV шешіміне
қосымшасы


р/с
Салық салынатын нысананың атауы Тіркелген қосарланған салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге  арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

      Қалалық мәслихат хатшысы      А.ЕРМАКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады