Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс қазақстан облысы Абай ауданы әкімі аппаратының 2010.01.11 № 5 хатымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 Заңының 31 бабының I тармағының 13-тармақшасына, 37 бабының 8 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтарындағы № 149 санды Заңының 5-бабының 2 тармағына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 санды «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 25 наурыздағы № 3 санды «2009 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-90 нөмерімен 2009 жылдың 28 сәуірінде тіркелген, «Абай елі» газетінде 2009 жылдың 15-31 мамырында № 10 (068) нөмерінде жарияланған) қаулысы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
3. Қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Е. СҮЛЕЙМЕН
Абай ауданы әкімдігінің
5 маусым 2009 жылғы
№ 49 қаулысының
қосымшасы
Абай ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға
жататын адамдардың тізбесі:
1. Табысы аз адамдар;
2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. Оралмандар;
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
13. Мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
14. Өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
15. Еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
16. Жазғы оқу демалысы уақытындағы студенттер;
17. Елу жастан асқан әйелдер;
18. 55 жастан асқан азаматтар;
19. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.