2009 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 01-02/15-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 08 мамырда N 5-6-92 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 01-02/32-16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2011.03.18 N 01-02/32-16 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлері бекітілсін.
      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 01-02/4-5 «Аудандағы базарларда сауда жасайтын жеке және заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талондар құны және ұтыс ақшасынсыз ойын автоматтарының бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы» (2008 жылғы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-66 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2008 жылғы 01 наурыздағы № 9 (633) санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Аягөз ауданының Әділет басқармасында тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
 

      Сессия төрағасы                     Н.Жоламанов

      Мәслихат хатшысы                    М.Темеков

Аягөз аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 сәуірдегі  
№ 01-02/15-5 шешіміне   
қосымша          

 Салықтың ставкаларының  мөлшері

(айлық көрсеткіш бойынша)
 

Салық салынатың объектісінің аты

Тіркелген салық ставкаларының
мөлшерлері
(айлық есептік
көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

      * Тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады