Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 2137 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір -маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген 1982-1991 жылы туған азаматтар 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына,Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын
2. Аягөз ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (М. Жақашев) (келісімі бойынша) 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді және осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-шаралады ұйымдастырсын.
3. 1982-1991 жылы туған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөнінде аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша 1).
4. «Аудандық медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бастығы (Ж. Жұмаханов) (келісімі бойынша):
1) медициналық куәләндіруді өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын;
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау ұсынылсын;
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» (2005 жылғы 14 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3560 нөмірімен тіркелген, "Заң" газетінің 2005 жылғы 8-10 маусымдағы N 46 - 47(671), N 48(672) санында жарияланған) бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті мөлшерде медициналық құралдармен, мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын;
4) аудандық медициналық бірлестігінің дәрігер мамандарының әскери тіркеуге және әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамы бекіту үсынылсын (қосымша 2).
5. Қала, кенттік және барлық ауылдық округтері әкімдері 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскерге шақыруға тиісті азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар ету және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
6. Аягөз аудандық, қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (С. Қайпеков) (келісімі бойынша):
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, әскерге шақыруға тиісті азаматтар туралы мәліметтерді Аягөз қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне хабарлау ұсынылсын;
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
7. Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Мүстафаев) мүгедек деп танылған азаматтар туралы мәлімет берсін.
8. Аудандық ішкі саясат бөліміне (Д. Сағындықова) әскер қатарына шақыру кезіндегі жүмыстарды бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы кеңінен насихаттау тапсырылсын.
9. Аудандық қаржы бөліміне (А. Омаров) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясының жүмысын жүйелі түрде ұйымдастыру, тасымалдау және әртүрлі қажетті шығындарды қаржыландыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру жүктелсін.
10. Аягөз ауданының әкімдігінің 2008 жылдың 16 қазандағы № 38 «1981 - 1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (2008 жылғы 24 қарашада нормативтік қүқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-77 нөмірімен тіркелген, «Аякөз жаңалықтары» газетінің 2008 жылғы 6 желтоқсанындағы № 49 (673) санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сүлтановқа жүктелсін.
12. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп, бүқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кеін. он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аягөз ауданының әкімі Н. Әзімбаев
Аягөз ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 7 сәуіріндегі
№ 310 қаулысына 1 қосымша
1982-1991 жылы туған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
1. Мұрат Асқарұлы Жақашев |
- қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
2. Нұрлан Кәрібайұлы Сұлтанов |
- Аягөз ауданы әкімінің |
Комиссия мүшелері:
Марат Айтмұхаметұлы Макеев |
- аудандық ішкі істер бөлімінің |
Ерік Мақсұтұлы Исабеков |
- аудандық медициналық |
Сәуле Төлеужанқызы Жақсыбаева |
- аудандық медициналық |
Аягөз ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 7 сәуіріндегі
№ 310 қаулысына 2 қосымша
Аудандық медициналық бірлестігінің дәрігер мамандарының әскери тіркеуге және әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамы
Исабеков Ерік Максұтұлы |
- аудандық медициналық |
Хамитова Светлана Қабылахметқызы |
- аудандық медициналық |
Салқымбаева Дәния Абдрашқызы |
- аудандық медициналық |
Қауыпбаева Раушан Зайтпекқызы |
- аудандық медициналық |
Байсеитова Сәуле Сағынайқызы |
- аудандық медициналық |
Бабақбаев Серік Сағатбайұлы |
- аудандық медициналық |
Нұржанова Анар Жұматайқызы |
- аудандық медициналық |
Қилыбаева Еркеш Садуалиқызы |
- аудандық медициналық |
Құсаинов Шалқар Егінбайұлы |
- аудандық медициналық |