Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 664 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 шілдеде N 5-6-94 тіркелді. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты Аягөз аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 09 ақпандағы № 1057 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты Аягөз аудандық Әділет басқармасының 2010.02.09 № 1057 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және
өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасы, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысын iске асыру мақсатында Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары (бұдан әрi-әлеуметтiк жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындары алты айға дейiнгi мерзiмге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтiк жұмыс орындары меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрi-жұмыс берушi) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру ауданның жергiлiктi атқарушы органымен шарт негiзiнде жұмыс берушiмен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi мен көлемi, еңбекақының мөлшерi мен шарттары және әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi болуы тиiс.
      5. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиiстi жергiлiктi бюджет қаржысынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен еңбекақының елу пайыз мөлшерiнде iшiнара өтеледi.
      6. 2009 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың орташа еңбекақысы 30 000 теңгенi құрайтын болады, соның iшiнде тиiстi жергiлiктi бюджет қаржысынан 15 000 теңге, жұмыс берушiнiң қаржысынан 15 000 теңге.
      7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушi мен әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен айқындалады.
      8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдардан жұмыс берушіні іріктеу ресми ұсыныстардың түсуіне байланысты кезек тәртібінде жүргізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң  орынбасары С. Байжановқа жүктелсiн.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аягөз ауданының әкімі                    Н. Әзімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады