Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Аягөз аудандық Әділет басқармасының 2010.02.09 № 1057 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХІІ «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабын басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған азаматтарды қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға Аягөз ауданы мен Аягөз қаласы бойынша төлемді қоғамдық жұмыстың 550 орынға тізбесі бекітілсін (қосымша № 1).
2. 2009 жылы істелетін қоғамдық жұмыстың түрлері бекітілсін (қосымша № 2).
3. Қосымша нысаналы топтардың тізбесі бекітілсін (қосымша № 3).
4. Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары жұмыс беруші мен жұмыс атқарушының арасында жасалған жеке еңбек шарт негізінде анықталады.
5. Төлемді қоғамдық жұмысты қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысының негізінде 2009 жылға жергілікті бюджетте бекітілген қаражат және жұмыс берушінің атқарған жұмыс есебінен жүргізіледі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай және жеке келісім шарт негізінде төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдардың төлем ақысы атқарған жұмыстың ауырлығын ескеріп, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген еңбек ақысының мөлшері радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша төлеммен 2009 жылы белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
6. Аягөз ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 12 желтоқсанындағы № 200 «2009 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (2009 жылдың 05 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-6-87, № 3 (9852) «Аягөз жаңалықтары» газетіне 2009 жылдың 17 қаңтарында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
7. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп, ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Байжановқа жүктелсін.
Аягөз ауданының әкімі Н. Әзімбаев
Аягөз ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусымдағы № 663
қаулысына № 1 қосымша
Жұмыс |
Төлемді қоғамдық |
Жұмыс көлемі |
Қатысушы |
||
Жиыны |
ауыл |
||||
1 |
«Аягөз |
Аумақ тазалығы, |
1332 шаршы |
163 |
140 |
2 |
«Аягөз |
Құжаттармен |
282,6 шаршы метр, |
12 |
|
3 |
«Аягөз |
Құжаттармен |
16 |
||
4 |
«Аягөз |
Құжаттармен |
2 |
||
5 |
«ШҚО ішкі |
Сақшы жұмыстары, |
48 көпқабатты үйге, |
72 |
62 |
6 |
«Аягөз |
Әскери есепке |
Күніне 100 |
5 |
|
7 |
«Аягөз |
Мекеме тазалығы, |
512 шаршы метр, |
17 |
|
8 |
«Зейнетақы |
Құжаттармен |
6000 іс |
8 |
|
9 |
Семей |
Мекеме тазалығы, |
Жаңа жыл-100 |
5 |
|
10 |
«Аягөз |
Мекеме тазалығы |
140 шаршы метр |
4 |
|
11 |
Өскемен |
Аумақ тазалығы, |
1850 шаршы метр- |
3 |
|
12 |
«Аягөз |
Ағаш егу, мектеп |
28276 текше |
3 |
|
13 |
«Қалалық |
Қалалық, елді |
1868 мың. шаршы |
176 |
|
14 |
Шығыс |
Су құбырлары, |
312 құдық |
15 |
|
15 |
Жеке |
Тұрғын үйлерді |
11 тұрғын үйде 42 |
10 |
|
16 |
Жеке |
Тұрғын үйлерді |
11 тұрғын үйде 42 |
8 |
|
17 |
«Шыңғыс» |
Тұрғын үйлерді |
9 тұрғын үй 28 |
9 |
|
18 |
«Арай» |
Тұрғын үйлерді |
2200 шаршы метр, |
4 |
|
19 |
«Бектас» |
Астық өсіру |
50 т. бидай40 т. |
12 |
|
20 |
«Еркежан» |
аумақ тазалығы, |
5600 шаршы метр. |
8 |
|
ЖИЫНЫ |
550 |
202 |
кестенің жалғасы
№ |
Жұмыс |
Төлемді қоғамдық |
Қаржыландыру көзі |
Еңбекақы |
|
Бюджет |
Жұмыспен |
||||
1 |
«Аягөз аудандық |
Аумақ тазалығы, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
2 |
«Аягөз |
Құжаттармен жұмыс, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
3 |
«Аягөз |
Құжаттармен |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
4 |
«Аягөз |
Құжаттармен |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
5 |
«ШҚО ішкі істер |
Сақшы жұмыстары, |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
6 |
«Аягөз |
Әскери есепке |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
7 |
«Аягөз аудандық |
Мекеме тазалығы, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
8 |
«Зейнетақы |
Құжаттармен жұмыс, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
9 |
Семей аумақтық |
Мекеме тазалығы, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
10 |
«Аягөз аудандық |
Мекеме тазалығы |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
11 |
Өскемен |
Аумақ тазалығы, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
12 |
«Аягөз қалалық |
Ағаш егу, мектеп |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
13 |
«Қалалық |
Қалалық, елді |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
14 |
Шығыс Қазақстан |
Су құбырлары, |
Бюджет |
Ең төменгі |
|
15 |
Жеке кәсіпкер |
Тұрғын үйлерді |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
16 |
Жеке кәсіпкер |
Тұрғын үйлерді |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
17 |
«Шыңғыс» пәтер |
Тұрғын үйлерді |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
18 |
«Арай» пәтер |
Тұрғын үйлерді |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
19 |
«Бектас» шаруа |
Астық өсіру |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
20 |
«Еркежан» |
аумақ тазалығы, |
Бюджет |
Жұмыспен |
Ең төменгі |
ЖИЫНЫ |
Ескертпе.
Қоғамдық жұмыстың шарттары:
1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 демалыс күнімен қоса 5 жұмыс күнді құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек ақысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы есебінен жұмыссыздың дербес шотына ақша аудару жолымен жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жүзеге асырылады, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, лауазымдарды ауыстыру (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және уақытша жоқ болған қызметкердің лауазымын атқару мүмкіндігі, қосымша төлем мөлшері қызметкердің келісімі бойынша жұмыс берушімен белгіленеді, зейнетақы мен әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес жүргізіледі,уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу,денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардыңорнын толтыру.
2. Төлемді қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін азаматтардың еңбекақысы 2009 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жүргізілсін. Қоғамдық жұмыстарда жұмыссыздың еңбегін қолданатын ұйымдар оларға қосымша ақы төлей алады. Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнаманың қоғамдық жұмыстарда еңбек ақы төлеу жағы өзгерген жағдайда төлем мөлшері өзгеруі мүмкін.
3. Көрсетілген төлемді қоғамдық жұмыстың көлемі орташа статистикалық деп есептелсін.
4. Ұсыныстар мен сұранымдарға байланысты сол және басқа жұмыстардағы қатысушылардың саны, қатысу ұзақтығы және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізуге жергілікті бюджет қарастырған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Аягөз ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 663 қаулысына
№ 2 қосымша
- қалада, елді мекендерде, мекемелер, өндірістік кәсіпорындар, пәтер иелерінің кооперативтерінің аумақтарын тазарту,тұрмыстық коммуналдық шаруа үйымдарына көмек көрсету;
- құрылыс, жол жөндеу, су құбыры, канализациялық төсеу бойынша қосалқы жұмыстар;
- су тасқынына қарсы шараларды өткізуге, көпірлерді, каналдардың арналарын, арықтарды, жылғаларды, өзендерді тазалауға қатысу;
- құрылыс-жаңғырту;
- үй, әлеуметтік-мәдени обьектілерді жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, мұражайларды, мәдени орындарын қалпына келтіру;
- аймақты экологиялық сауықтыру көгалдандыру, көріктендіру;
- республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету (әлеуметтік сұрауларға, шаруашылық кітаптарды өткізуге, құжаттармен жұмысқа қатысуға, әскери комиссариаттардағы жұмыстарға қатысу, экологиялық төлемақы есептеуге көмек);
- малды бордақылауға, көкөніс және дәнді дақылдарды өңдеу, өсіру, жинау,тасу жөнінде маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар жұргізу;
- мал дәрігерлік профилактикалық шараларға қатысу;
- ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізу;
- ауыру және қарт адамдарды күту, үй көмегін көрсету;
- қысқа мерзімді жылыту жұмысы;
- сақшы, консьерж жұмыстары;
- үй–жайларды, баспалдақтарды тазалау;
- күзет;
- тұрмыстық қызмет көрсету;
- мекемелерге құжат жұмыстарына көмек.
Аягөз ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 663 қаулысына
№ 3 қосымша
- мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
- өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
- еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
- жазғы каникул уақытындағы студенттер;
- 50 жастан асқан әйелдер;
- 55 жастан асқан азаматтар;
- ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.