РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері бекітілсін:
1) "Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер" - айына салық салу объектісінің бірлігі үшін 1 айлық есептік көрсеткіш.
2) "Бильярд үстелі" - айына салық салу объектісінің бірлігі үшін 3 айлық есептік көрсеткіш.
2. "Тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 23-5 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-29 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 20 қаңтардағы "Бесқарағай тынысы" газетінің № 3 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. МОМЫНЖАНОВ |
Бесқарағай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ж. МАРАЛОВ |