Белгіленген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 5-8-79 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-6-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 20-6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 07.06.2016 № 3-3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бородулиха ауданының аумағында салық салынатын объектілердің бірлігінен бір айда алынатын белгіленген салық ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 ақпандағы № 27-3 "Ойындар өткізу үшін пайдаланылатын жеке бір компьютерге тіркелген жиынтық салығының ең төменгі ставкасы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылдың 26 ақпанда № 5-8-42 санымен тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 9 (6613) санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп саналсын.

      3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Галиев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Аргумбаев

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-5-IV шешіміне
қосымша

Белгіленген салық ставкалары туралы

Р/с

Салық салынатын объектілер

Ставка мөлшері*

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1 АЕК

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1 АЕК

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

1 АЕК

4.

Ойын жолы (боулинг, кегельбан)

5 АЕК

5.

Карта

2 АЕК

6.

Бильярд үстелі

3 АЕК


      *АЕК - айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады