Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 6/10- V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Глубокое ауданының аумағындағы тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері белгіленсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
Глубокое аудандық мәслихатының «Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/13-III шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-9-55 болып тіркелген.
Глубокое аудандық мәслихатының «Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/13-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 24 шілдедегі № 29/6-ІІІ шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-9-69 болып тіркелген.
3. Осы шешім қолданысқа ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Ағзамов
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы А. Брагинец
Глубокое аудандық мәслихатының
18 ақпан 2009 жылғы № 14/5-IV
шешіміне қосымша
Глубокое ауданы аумағындағы тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері*
№ р/н |
Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген жиынтық салықтың (айлық есептік көрсеткіштерімен) базалық ставкаларының мөлшері |
---|---|---|
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |
* тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір айға белгіленсін