Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 187 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда № 5-9-106 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 мамырдағы N 650 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2010.05.28 N 650 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз)қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзара басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 18-1 бабы, 7 бабы 5-4) тармақшасына сәйкес, 2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Елбасының Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Жолдауын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жоспарын орындау мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарындағы азаматтарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншіктің түрлерінен тыс кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда ұйымдастырылады (бұдан әрі - жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындардың құруы жұмыс берушімен Глубокое ауданының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган арасындағы келісім шарттың негізінде жүзеге асырылады.
      5. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топтардағы азаматтардың еңбегін төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Глубокое ауданы әкімдігінің 2010.02.19 № 488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      6. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан нысаналы топтағы азамат арасындағы еңбек келісім шартпен белгіленеді.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілердің реттеуі ресми ұсыныс берген уақыттан кезек түрінде өткізіледі.
      8. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2009 жылғы 1 маусымнан басталған қарым-қатынастарға таратылады.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Пономареваға М.Н. жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі             В. Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады