Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2010.02.16 N 1064 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 779 Жарлығына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белшіленген мерзімін өткермеген 1982-1991 жылдары туған ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында өткізілсін.
2. Зайсан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.Қ.Толыбаевқа (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Аудандық медициналық бірлестігінің директоры З.Қ.Қалибековке (келісім бойынша) төмендегідей ұсынылсын:
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде әскери-дәрігерлік комиссия құруға қажетті мөлшерде маман дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлу;
2) тұрақты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3) шақыру кезінде тісін емдеуді қажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден өткізуді қамтамасыз ету;
4) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери – дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірінің 2005 жылдың 4 наурызындағы № 100 бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
5) әскери қызметке шақыру жүргізіп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекіту келесі шақыруға дейін қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
Толыбаев Жанат Қамзаұлы |
- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы келісім бойынша); |
Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы |
- аудан әкімінің орынбасары, комиссия |
Комиссия мүшелері: |
|
Гайсина Нұрғиза |
- аудандық медициналық бірлестіктің клиника -диагностика бөлімінің менгерушісі (келісім бойынша); |
Жангунов Асан |
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Бегімжанова Гүлия |
- аудандық медициналық бірлестіктің медбикесі, комисия хатшысы (келісім бойынша). |
5. Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. Ауылдық округтер әкімдеріне:
1) іссапарда, демалыста жүрген барлық әскерге шақырылушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін көлікпен және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету;
2) әскерге шақырушыларды шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс етсін;
3) әскерге шақырушыларға шақыру пункітіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлу және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтаудан барлық шараларын жасасын;
4) әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді салтанатты жағдайда жүргізу міндеттелсін.
7. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З. Мухамедкариева) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Б.Қ. Қинашев) жергілікті әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы хабарлау міндеттелсін.
9. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімі (М. Сапарғалиева):
1) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жалға алған ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстары және жалға төлеу ақысын төлеу;
2) әскерге шақыру шараларын өткізу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуі, канцелярлық заттар шығындарын төлесін;
3) әскерге шақырушыларды дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды төлесін;
4) әскери – дәрігерлік комиссияға, әскерге аттану уақытында жабдықталған көлікпен қамтамасыз ету келісім шартпен, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді келісім шартпен жұмысқа қабылдау аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен бөлінсін;
5) әскерге шақырушылардың құжаттарын дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге типографиялық тапсырыстарға және аудандық жинақтау пунктіне медициналық құрал жабдықтар, дәрі-дәрмектер алуға аудан бюджетінен қаралған қаржы есебінен бөлу міндеттелсін.
10. Аудандық ішкі істер бөлімі Н.М.Түгелов (келісім бойынша) әскерге шақырудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді қамтамасыз етіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
11. Аудандық телекомуникация торабының директоры Ө.И. Нұрасыловқа (келісім бойынша) әскерге шақыру кезінде телефон байланысымен үзіліссіз қамтамасыз ету ұсынылсын.
12. Зайсан ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі «1981-1990 жылы туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 28 сәуірінде 5-11-60 нөмерімен тіркелген, 2008 жылы 19 мамырда аудандық «Достық» газетінің № 21 санында жарияланған) № 267 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Биқадамовқа жүктелсін.
14. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлім бастығы Ж. Толыбаев
Аудандық медициналық
бірлестігінің директоры З. Қалибеков
Аудандық телекоммуникация
торабының директоры Ө. Нұрасылов
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Н. Түгелов
2009 жылғы 20 сәуірдегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 668 қаулысына қосымша
1982-1991 жылы туған азаматтарды 2009 жылы көктемгі
мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс КЕСТЕСІ
№ р/с |
Аты |
саны |
Сәуір |
||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|||||||||||||
1 |
Айнабұлақ |
31 |
Х |
||||||||||||||||
2 |
Біржан |
34 |
Х |
||||||||||||||||
3 |
Дайыр |
30 |
Х |
||||||||||||||||
4 |
Қарабұлақ |
16 |
Х |
||||||||||||||||
5 |
Қаратал |
30 |
Х |
||||||||||||||||
6 |
Кеңсай |
33 |
Х |
||||||||||||||||
7 |
Сарытерек |
37 |
Х |
||||||||||||||||
8 |
Шілікті |
41 |
Х |
||||||||||||||||
9 |
Зайсан |
141 |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||||||||||
10 |
Барлығы |
393 |
Аудан әкімі
аппаратының басшысы С. Әндірбаев