"Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы" 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 19-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 13-3/9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 маусымда N 5-11-95 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 10-7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 10-7/3 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы № 100-IV Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 19-5 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 822 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 24 санында жарияланған) шешімі, «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 19-5 шешіміне қосымша енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 27-10 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1233 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2003 жылғы 19 мамырдағы № 21 санында жарияланған) шешіміне енгізілген қосымшаны ескере отырып төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Осы шешімнің 1-тармағындағы «Зайсан ауданында ІІ санатқа көшірілген» деген сөздерден кейінгі «Орталық әмбебап», «Дана», ЖШС «Зайсан тағам», ЖШС «Береке», ЖШС «Джеменей» деген сөздер алынып тасталсын, «өнеркәсіп тауарлары» деген сөздерден кейін «(автокөлік доңғалақтары, электротауарлар, алтын бұйымдардан басқасы)» деген сөздер қосылсын.
      2) 2 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   Е.А. Келгенбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы             Н.Қ. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады