Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2010.02.10 N 1062 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабының 3-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 сәуірдегі № 645 «2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 6 мамырында 5-11-92 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 8 тамыздағы № 33 санында жарияланған.) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының нұсқаулығының 1 бөлімінің 1-тармағындағы «тәртібі мен» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов