Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы, 4 тармағын, Зайсан аудандық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы № 3/2381 қорытындысын басшылыққа ала отырып, Сартерек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сартерек ауылдық округі Шалқар ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шалқар ауылының бұрын атауы жоқ шеткі көшесіне Еңбек қызыл Ту орденінің иесі, еңбек ардагері Байботанов Алкеннің есімі берілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сартерек ауылдық округінің әкімі | Ғ. Серікбаева |