Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 04 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 01 шілдеде N 5-12-88 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 816 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2011.12.21 N 816 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына,  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 18-1 бабының, 7 бабының 5-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнiң 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнiң 2009 жылға арналған іс-қимылының Жоспарын жүзеге асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындардың мақсатты топтағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (ары қарай - әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімімен ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорындарда, мекемелерде және ұжымдарда ұйымдастырылады (ары қарай - жұмыс 6epуші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның жергілікті атқарушы органдарының шарты негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуде жұмыс берушінің шығыны Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген минималды еңбек ақы төлемінен елу пайыз көлеміне сәйкес келетін жергілікті бюджет қаражатынан, бір бөлігі қайтарылады.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардан азаматтардың орта еңбек ақы төлемі айына 30000 теңгені құрайды, олардың 15000 теңгесі Республикалық бюджеттен және 15000 теңге жұмыс беруші қаражаты есебінен.
      7. Еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырған жұмыс беруші мен нысаналы топтың азаматының арасында кeлiciлгeн еңбек келісім шартымен анықталады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey ресми ұсыныстардың түcуiнe байланысты кезек тәртібінде жүргізіледі.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін және 2009 жылғы 1 маусымда шыққан құқық қарым-қатынасына таралған күннен бастап күшіне енеді.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.

      Зырян ауданының әкімі                   Р. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады