"Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі № 299 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қыркүйектегі N 210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 қазанда N 5-12-94 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 648 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 648 (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-тармақтан қараңыз) қаулысымен.       Әскерге шақыру комиссиясының мүшесі Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Нурбаевтың жұмыстан шығуына байланысты «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі № 299 қаулысына (мемлекеттік тіркелімнің 2009 жылдың 23 сәуіріндегі № 5-12-80 мемлекеттік құқықтық актілердің Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жұмыстан шыққан Е.М. Нурбаевтың орнына әскерге шақыру комиссиясының құрамына Зырян ауданы әкімінің орынбасары Көбентаев Ербол Құмашұлы енгізілсін.
      2. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Зырян ауданының әкiмi             Р. МУСИН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады