2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі N 299 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 сәуірде N 5-12-80 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 648 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2010.04.16 N 648 (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген шұғыл әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын орындау үшін, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-21, 23 баптарын басшылыққа ала отырып және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, 2009 жылғы көктемде (сәуірде-маусымда) және күзде (қазанда-желтоқсанда) шұғыл әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жетіге толған кейінге қалтырылған немесе оқу мекемелерден шығарылып шақырудан босатылмаған азаматтар, сондай-ақ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 4 тармағында көрсетілген азаматтар, жиырма жеті жасқа толмағандар және Зырян Қорғаныс Істер жөніндегі Бөлімінің шақыру пунктінде әскери қызметін белгіленген мерзімде өтемеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шұғыл әскери қызметіне шақырылсын және аттандыруды жүргізсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекiтiлсiн (қосымша).
      3. Азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды сапалы өткізу үшін шақыру комиссиясы мына құрамында бекітілсін:

Шестак Сергей Борисович

Зырян ауданының қорғаныс істерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Көбентаев Ербол Құмашұлы

Зырян ауданы әкiмiнiң орынбасары;

Тоқпаев Серрiкқан Орыспайұлы

Зырян қалалық аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Нағибаев Ермек Дүсiпханұлы

медициналық қызметкерлер жұмысымен басшылық ететiн дәрiгер(келісім бойынша);

Туманова Елена Олеговна

ШҚ облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау Басқармасы «Зырян ауданының № 1 медициналық орталығы» КМҚК медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2009.09.08 № 210 қаулысымен.

      4. ШКО Денсаулық сақтау Басқармасы емдеу – алдын-алу жұмысы бөлімінің бас маманы Д.Р. Фаустовқа (келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 04 наурыздағы № 100, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 бірлескен бұйрығымен (Нормативті – құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3560 тіркелген) бекітілген, Қазақстан Республикасының Қарулы кұштерінде, өзге де әскерлерінде және әскери құрылымдарында әскери– дәрігерлік сараптау Ережесінің талаптарына сәйкес, медициналық комиссияны қажеттi жабдықтармен, құрал–саймандармен және дәрі– дәрмектермен жинақтастыруды бақыласын.
      2) емдеу мекемелерiнің бас дәрiгерлерi: С.Л. Зайцевқа (Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 1 Медициналық бірлестігі» КМҚК), В.Ю. Долговқа (психоневрологиялық диспансер), О.Г. Шатковскийге (Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 2 Медициналық бірлестігі» КМҚК) (келісім бойынша), Д.Д. Садвокасоваға (Серебрянск қалалық ауруханасы) (келісім бойынша), Л.А. Желтухаға (Жаңа-Бұқтырма отбасылық дәрiгерлiк амбулаториясы) стационар және амбулатория жағдайларында шақырушылардың толық қайта тексерілуін қамтамасыз етуге ұсыныс берілсін.
      Комиссияның жұмыс кезеңiнде стационарлардағы көрсетiлген орын саны бөлiнсiн:
      Шарт негізінде Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 2 Медициналық бірлестігі»
      терапия бөлiмшесінде                     -5
      травматология бөлiмшесінде               -2
      Шарт негізінде Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 1 Медициналық бірлестігі»КМҚК:
      хирургия бөлiмшесінде                    -5
      кардиология бөлiмшесінде                 -5
      терi-венерология диспансерінде           -1
      туберкулез диспансерiнде                 -3
      Серебрянка қалалық ауруханасында:
      терапия бөлiмшесінде                     -5
      хирургия бөлiмшесінде                    -2
      3) параклиникалық зерттеулер Зырян ауданы және Зырян қаласының медициналық мекемелерінің базасында шарт негізінде өткізілсін. Шақырылушыларды медициналық тексеру шығысын төлеу жергілікті бюджет есебі арқылы жүргізілсін.
      4) белгiленген мерзiмде жүргізілетін тексерудiң толықтығына және сапасына жауапкершiлiк емдеу мекемелердiң бас дәрiгерлерiне жүктелсiн. Бiр шақырылған азаматты тексеру стационарлы 4 тәулiкке дейiн, амбулаторлы-шақыру комиссиясының дәрiгерлерiмен белгiленген мерзiмде.
      5) жұмыс басы 2009 жылдың көктемінде 01 сәуірінен, күзде 01 қазаннан белгiленсiн. Дәрiгер-мамандардың жұмыс уақыты 9.00 ден 17.00 ге дейiн.
      5. Серебрянка қаласының, селолық округтер және кент әкімдері шақыру комиссиясына шақырылғандарды уақтылы хабарландыруды және әкелудi қамтамасыз етсiн.
      6. Зырян қалалық аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы А.К. Мұрзықановқа (келісім бойынша):
      1) шақырудың барлық кезеніңде қорғаныс істерi жөнiндегi  бөлiмiнiң шақыру пунктiнiң аумағында тиiстi тәртiптi қамтамасыз ету;
      2) шакырылғандарды жөнелту кезеңінде келісілген кесте бойынша  қорғаныс істерi жөнiндегi бөлiмiнiң өкiмiне полиция жасағын бөлу;
      3) қорғаныс істерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру комиссиясына себепсiз келмеген шақырылғандарды iздестiру және әкелу жұмыстарын жүргiзу. Осы мақсатта iздестiру тобын құру ұсынылсын.
      7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Б.В. Соколенко медициналық комиссияға шақырылғандарды тасымалдау үшін жолаушылар автокөлігінің иелерін белгілесін.
      8. Жылдық егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарына сәйкес медициналық комиссияны және шақырылғандарды тексеруді қаржыландыру Зырян ауданы бюджетi есебiнен жүргiзiлсiн.
      9. Осы каулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Нурбаевқа жүктелсін.
      10. «2008 жылғы сәуір–маусым және қазан–желтоқсан  айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті шұғыл әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 261 қаулысы (нормативті–құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 14 мамырдағы № 5-12-62 тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
      11. Қаулы 2009 жылдың 01 сәуірінен бастап ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және құқықтық қатынасқа таратылады.


     Зырян ауданының әкiмi                   В. Якупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады