2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 4164 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 22 маусымда N 5-13-59 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - (Катонқарағай ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 6 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Катонқарағай ауданы әкімінің 2010.01.12 N 6 хаты.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту  туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 – баптарына, Мемлекеттік басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 Қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі туралы» № 75 қаулысын іске асыру мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы «2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 3739 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің  мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 14 қаңтарында № 5-13-52 тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Осы қаулымен бекітілген № 3 қосымшасы 15-21 тармақтарымен  төмендегі мәтінде толықтырылсын:
      «15. Мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері.
      16. Өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта   ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық  емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер.
      17. Еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар.
      18. Жазғы каникул уақытындағы студенттер.
      19. 50 жастан асқан әйелдер.
      20. 55 жастан асқан азаматтар.
      21. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.».
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау аудан әкімінің   орынбасары Қ.Қ. Сәдуовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                         С. Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады